«Футболға осыншама қаржы салынған соң...»: Қуат Хамитов «Қайраттың» ойыны туралы

Oinet.kz 27-08-2025 95

Белгілі қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов алматылық "Қайраттың" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуына қатысты жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_4.jpg

Айта кетейік, "Қайрат" екі матчта да (0:0) тең түсіп, пенальти сериясында шотландиялық "Селтикті" жеңген болатын. Осылайша алматылық клуб тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде ойнау құқығына ие болды.

"Әрқашан өзгенің еңбегін құрметтеймін, сондықтан қуанышты бірге бөлісемін! Алматылық команданың Чемпиондар лигасының тобына шыққаны құтты болсын! Бірақ футболға осыншама қаржы салынған соң, тек топқа өту ғана емес, нағыз айқастар мен намысты ойын көрсеткенді де көргім келеді. Үлкен алаңда сәттілік тілеймін!", – деп жазды Хамитов Instagram парақшасында.

«Қайраттың» жаңа жұлдызы Темірлан Анарбеков туралы шетелдік БАҚ не деп жатыр
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу