Шымкентте аудан әкімі тағайындалды

Oinet.kz 04-12-2023 593

Screenshot_4.png 

Бүгін сегізінші шақырылымдағы қала мәслихатының кезектен тыс оныншы сессиясы өтті. Күн тәртібінде «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес Тұран ауданының әкімін тағайындау мәселесі қаралды. Мәслихат депутаттары аталған лауазымға Берік Айдарұлы Әшірбековтің кандидатурасын бір ауыздан қолдады.

 Берік Айдарұлы Әшірбеков 1986 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында туған.

Биылғы жылдың 27-қазанынан бастап бүгінге дейін Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы лауазымын атқарды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 


Жоғалған баланың өлі денесі табылды
Қоғам белсенділері Шымкенттің әкіміне ашық хат жолдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу