Руслан Берденов ауруханадан шықты

Oinet.kz 12-05-2025 40

e59b05e37e48095826b4c9ca05e7f619.jpeg 

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов ауруханадан шықты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

-- Менің басыма түскен ауыр жағдайдан көпшілігіңіз хабардарсыздар деп білемін. Бұл оқыс оқиға маған да, менің отбасым мен жақындарыма да ауыр тигені анық. Мұны сөзбен айтып жеткізу өте қиын.  Алайда, сынаққа толы болған осы уақыт аралығында көптеген адамдардың, әріптестерімнің, тамыр-таныстарымның жанашырлығын, қолдауын, тілектестігін сезіндім. Телефоныма түскен қоңыраулар, хабарламалар, әлеуметтік желідегі тілеулес жазбалар көңіліме демеу болғанын, күш-қуат бергенін, сергіткенін айтқым келеді.  Міне, 3 аптаға созылған ауруханадағы күндерім аяқталып, өзім де аяқтан тұрып, күнделікті тіршілігіме оралатын сәт таяп қалды. Әлбетте, бірінші Алланың, содан соң дәрігерлеріміздің жіті бақылауының, ем-домының арқасында денсаулығым оңалды, қалпына келді. Әсіресе, @kabylov_dauren @dr.ashirbaev_erlan @1.qalalyq.auruhana ұжымына. Осы уақыт ішінде мен еліміздің медицинасы көп ілгерілегеніне, шетелдік клиникалардан еш кем еместігіне көз жеткіздім. Ақ халатты абзал жандарымыздың мейірімі мен кәсібилігі де ризашылығымызға әбден лайық.  Баршаңыздың қолдауларыңыз бен жанашырлықтарыңызға шексіз алғысымды айтамын,-деп жазған әкімі орынбасары.

Руслан Берденовты 21 сәуірде кешкі уақытта әкімдік ғимаратының алдында атып кетті. Оқ атты деген күдікті сол мезетте ұсталды. Үш жерінен оқ тиген әкім орынбасарына күрделі операция жасалған болатын.  

 


Сара Назарбаеваның қазіргі жағдайы белгілі болды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу