Шымкенттің бас сәулетшісі ұсталды

Oinet.kz 14-08-2025 35

7c95664c-5716-411e-b96c-463ed49efcea.jpg 

Ақпарат құралдарында Шымкенттің бас сәулетшісінің ұсталғаны туралы мәліметтер тарауда.

Orda.kz порталының жазуынша, дереккөздер Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешовтің бөтен мүлікті иемденді деген күдікке ілінгенін растаған. Қазір бұл іс бойынша тергеуді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізіп жатыр.

Әбдешов биыл ақпанда, Руслан Берденов қала әкімінің орынбасары қызметіне келген кезде басқарма басшысы болып тағайындалған. Қызығы, оның ұсталу уақыты әкім орынбасарына қастандық жасау ісі бойынша шулы сот процесімен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл іс бойынша айыпталушы — әкімдікке қарасты «Тұрғын үй Шымкент» компаниясының директоры Ернар Жиембай (айтпақшы, қазіргі кезде бұл компанияда аудит жүргізілуде).

Жақында ғана сотта құрылыс басқармасының қызметкері Берденов бірнеше рет жиналыс өткізіп, Антикор мен ЭҚСБ тарапынан тексерістер болатыны туралы ескерткенін айтқан. Бұл оқиғалардың өзара байланысы бар ма, әзірге белгісіз.

 


Шымкентте мектеп бухгалтері 451 млн. теңгені жымқырған
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу