Лукашенко әйелдерге шағымдарын өзінің TikTok-гына жіберуге болатынын айтты

Oinet.kz 06-03-2026

Александр Лукашенко 8 наурыз қарсаңында күтпеген мәлімдеме жасап, ер адамдарға ренжіген әйелдердің  өзінің тікелей  TikTok парақшасына шағымын жазуға болатынын айтты, деп хабарлайды Оinet.kz.

image.png

Беларусь президенті бұл сөзін Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған дәстүрлі марапаттау рәсімінде айтты.  Лукашенко күн сайын TikTok арқылы азаматтардан келіп түсетін өтініштер мен шағымдарды қарап шығатынын атап өтті. Мереке қарсаңында ол әзіл ретінде әйелдерге, егер ер адамдар қыз-келіншектерді ренжітіп жатса,  өзіне жазуға кеңес берді.

Президенттің айтуынша, әлеуметтік желілерде оған тұрмыстық мәселелерден бастап, шенеуніктер мен жергілікті билік өкілдеріне қатысты шағымдарға дейін түрлі хабарламалар жиі келеді. Ол мұндай өтініштермен жеке өзі танысатынын айтты.

Сонымен қатар Лукашенко мереке қарсаңында 18 сотталған адамға рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды. Олардың басым бөлігі әйелдер. Мәліметке сәйкес, рақымшылыққа іліккендердің бір бөлігі экстремистік қызметке байланысты істер бойынша сотталған.


Мәсімов қай түрмеде отыр?
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу