Қазақстанда жаңа өңірлік орталық құрылады: Сенат меморандумды мақұлдады

Oinet.kz 23-04-2026

Сенат Қазақстан мен Халықаралық валюта қоры арасындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолияға арналған өңірлік әлеуетті дамыту орталығы туралы меморандумды ратификациялады, деп хабарлайды Оinet.kz.

image.png

Құжат мемлекеттік органдар қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған. Атап айтқанда, макроэкономикалық талдау, ақша-несие және бюджет саясаты, қаржылық реттеу мен қадағалау, сондай-ақ макроэкономикалық статистика салаларында білімін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Меморандумға сәйкес, өңірлік орталық Қазақстан мен серіктес елдердің институционалдық әлеуетін күшейтуге, тиімді экономикалық саясат жүргізуге және тұрақты өсімді қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Сенаторлардың айтуынша, құжатты ратификациялау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді және қандай да бір теріс әлеуметтік немесе құқықтық салдарға әкелмейді.


Асхат Аймағамбетов білім бюджетін облыстан ауданға қайтаруға қарсылық білдірді
Қазақстанда орташа жалақыны есептеу ережелері өзгереді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу