Енеге деген қарым-қатынасыңыз қалай?

Oinet.kz 07-03-2019 1036

559-1476218391-e852f175c9.jpg

Келіннің аяғынан,

Қойшының таяғынан.

  Әрбір қыз бала бой жетіп, құтты орнына барғаннан кейін отбасылық өмірдің қиын кезеңдері басталады ең бастысы енеге деген қарым-қатынасты жақсы орнату.Бастапқыда үйрене алмауыңыз мүмкін,күйеуіңізді қызғанасызда бұл психологиялық жағынан алғанда ең қиын сәттер болып табылады.Сол қиын сәттерді шешу бұл сіздің қолыңызда сіз ғана үй ішін нұрландырып жақсы көңіл сыйлайтын да өзіңіз.Енеге деген қарым-қатынасыңыз дұрыс болса отбасы да жақсы болады.Әрине бұның бәрі сіздің қолыңызда емес сонда да өзіңізді енеңізге тек жақсы жағынан ғана көрсетіңіз.  

  Енеңізге деген жақсы қарым-қатынасты орнату үшін алдымен төмендегі кеңеске құлақ түріңіздер:

  • Енеңізді күліп қарсы алып,күліп шығарып салыңыз.

  • Сіздің қатыңқы қабағыңызбен ешнәрседе өзгермейді.

  • Енеңізге барынша көңіл бөліңіз,жақсы сөздер айтыңыз.

  • Келіспеген жағдай да,өз пікіріңізді айтыңыз мүмкін ойланар.

  • Ұнататын тағамын жиі әзірлеп тұрыңыз.

  • Өз анаңыздай көргіңіз келсе,анаңыздай құрметтеп қамқор болыңыз.

  • Әрдайым күлімдеп  жүріңіз.

  • Жақсы мақтауларды көбірек айтыңыз,ақыл айтса тыңдаңыз.

  • Ерте тұруға дағдыланыңыз,өйткені күні бойы сергек жүруге ықпал етеді.

  • Енеңізге соңғы рет қандай жақсы сөз айттыңыз.

  • Енеңізбен соңғы рет қашан емен жарқын отырып әңгіме айттыңыздар.

  • Дәмді тағамдардың түр-түрін жасауға дағдыланыңыз.

  • Жақсы болса қатының,

Келіп тұрар жақының.

Жаман болса қатының,

Басыңнан кетер ақылың,деп бекер айтпаса керек,ендеше қонақ күткен кезде де ашық жарқын көңіл-күймен күтіңіз.

  • Сіз жақсы болсаңыз,енеңіздің де қарым-қатынасы жақсара түседі.

  • Құрбыларыңызға,туыстарыңызға енеңізді жамандамаңыз.

  • Жібімейтін жүрек жоқ,жібітетін жылы жүрек болса болғаны.

  • Бәрі де өз қолдарыңызда!

 Дереккөз: Ұ.Асылов, Ж.Нұсқабайұлы Әдептану

Дайындаған: Психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы

Келін шам шырақ
Сүйікті жар болғыңыз келсе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу