Тағы басталды: Болатбек Әлиевтің «бітпейтін жыры»

Oinet.kz 05-11-2025 56

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы орынбасары, 2013 жылы өңірде коррупциялық қылмыстарға байланысты дау қызған кезде отставкіге кеткен, содан бірнеше жыл кәсіпкерлік салада жүріп, 2022 жылы Мәжіліс депутаты болып сайланған Болатбек Әлиевтің сол баяғы бітпейтін «жыры» тағы басталды. 

Screenshot_2.jpg

Ол «жыр»  2001 жылы Әлиевтің коррупциялық баппен сотталғанына қатысты. Осы тақырыпты қайта қозғаған журналист Михаил Козачковты депутат әкімшілік жауапқа тарту үшін полицияға арызданған.

«Көпшілікті қызықтыратыны – Әлиев 2007 жылы мемлекеттік қызметке қалай қайта оралып, кейін Парламентке қалай сайланды? Мен бұл мәселені зерттеп, бірқатар мемлекеттік органдарға сұрау жібердім. Түркістан облысы әкімі аппаратының жауабында: «Біз тек ҰҚК-нің арнайы тексерісінен өткендерді ғана жұмысқа қабылдаймыз» делінген. Ал Шымкент қаласының ҰҚКД берген жауабында Болатбек Нажметдинұлының арнайы тексерістен өткені расталғанымен, оның нәтижелері жеке деректерге жататындықтан, ақпарат берілмейтіні айтылған.

Айтпақшы, Әлиев 2008 жылы сот арқылы жұмыстан шығарылу туралы бұйрықтағы формулировканы өзгерттірген екен. Бұрын «Бас көлік прокурорының ұсынуы бойынша жемқорлық қылмыс жасағаны үшін» деп жазылса, кейін ол «өз еркімен» болып өзгерген. Бірақ соған қарамастан, 2007 жылы оның мемлекеттік қызметке қалай қайта орналасқаны түсініксіз.

Биыл жазда мен бұл жағдай туралы егжей-тегжейлі жаздым, ал енді мені сол үшін жала жапты деп айыптап, 200 АЕК көлемінде айыппұл салмақ немесе 25 тәулікке әкімшілік қамауға алмақ. Істі Бостандық аудандық ІІБ-нің учаскелік инспекторы Олжас Жәмишевке тапсырған... Менің пікірім – Болатбек Нажметдинұлы мені қорқытқысы келеді»,– деп жазған журналист М.Козачков.

Болатбек Әлиевтің «сотталғаны» туралы мәселенің көтерілгеніне жиырма жылға  жуықтап қалды-ау. Бұл тақырыпқа 2008-2009 жылдары «Рейтинг» те журналистік зерттеу жүргізген. Бізге белгілісі, 2001 жылы кедендегі жемқорлық қылмысы үшін сотталған Болатбек Әлиевтің ісі Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арнап жарияланған рақымшылыққа іліккен. Заң бойынша рақымшылыққа ілінген адамның соттылығы жойылады. Егер Әлиев осындай айыппен дәл қазір сотталған болса, ол мемлеттік қызметке орала алмаған болар еді. Өйткені сот үкімінде сотталушыны өмір бойы немесе белгілі бір мерзімге мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылатыны нақты жазылады. 2001 жылы Сарыағаш аудандық соты шығарған үкімде Әлиевті шенеунік болу құқығынан айыру туралы ештеңе жазылмағанға ұқсайды. Бұл соттың қателігі ме, әлде ол кезде тәртіп солай болды ма,  белгісіз. 

Әлиевтің «сотталғаны» туралы мәселемен қайбір жылдары «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия да айналысқан. Былтыр осы мәселені қозғаған жергілікті журналисті де Әлиев әкімшілік жауапқа тартқан болатын.  

Таңғатаров пен Махажановты не байланыстырады? ​
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу