Мемлекеттік қызметтердің бір бөлігі бизнеске берілуі мүмкін

Oinet.kz 06-05-2026

Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік аппарат жұмысын оңтайландыру және бюрократияны азайтуға бағытталған заң жобасын әзірледі.

image.png

Құжатқа сәйкес, мемлекеттік функцияларды беру жүйесі тым күрделі болып, көпсатылы келісу рәсімдерін қамтиды. Осыған байланысты рәсімдер санын қысқарту ұсынылады. Атап айтқанда, егер шешім Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда мақұлданса, ол кейінгі деңгейлерде қайта қаралмайды.

Сонымен қатар Атамекен ҰКП-мен өзара іс-қимылға ерекше мән берілген. Палата бәсекелі ортаға беруге болатын функциялар туралы ақпарат ұсынатын болады.

Жоба мемлекеттік басқару жүйесіндегі өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесін де қамтиды. Бірқатар функцияларды Үкіметтен салалық министрліктерге беру жоспарланған. Өзгерістер экология, денсаулық сақтау, ветеринария, мәдениет және энергия үнемдеу салаларын қамтиды.

Бұдан бөлек, заңнамалық деңгейде «бизнес-процесс» ұғымын бекіту ұсынылып отыр. Бұл мемлекеттік органдардың функциялары мен олардың күнделікті қызметін нақты ажыратуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу