Президент әкімшілігіне жаңа басшы келді
Роман Скляр Президент әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

-Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды,-делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Роман Скляр уақтысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, 2022 жылдан бері ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарады.
Президент әкімшілігіне бұған дейін Айбек Дәдебай жетекшілік жасаған болатын. Оның әзірге қандай қызметке ауысқаны белгісіз.


