«Әуежай ма, аквапарк па?»: Су басқан Алматы әуежайы жауапкершілікке тартылды

Oinet.kz 05-05-2026

Алматы халықаралық әуежайының терминалын су басу оқиғасына байланысты әуежай әкімшілігі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_2.png

Қазақстанның Көлік министрлігі нөсерден кейін терминал шатырынан су өтуіне қатысты әуежай басшылығымен шұғыл жиын өткізген. Жиын қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданып, нысанға әкімшілік шара қолданылғанын Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Ресми ақпаратқа сәйкес, министрлік құқық қорғау органдарымен бірге оқиғаның мән-жайын талқылап, нәтижесінде әуежай Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі аясында жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, әуежай басшысы техникалық мәселелерге жетекшілік ететін аға вице-президент Мехмет Гюзельге тәртіптік жаза берілгенін хабарлады.

Әуежай әкімшілігі жолаушылардан туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады. Қазіргі уақытта анықталған ақауларды жою жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр. Мамандар су басу себептерін толық жою және жөндеу жұмыстарын алты ай ішінде аяқтауды жоспарлап отыр.

Еске сала кетейік, 3 мамыр күні қатты жауын салдарынан Алматы әуежайының жаңа терминалы тағы да су астында қалған еді. Нөсер кезінде шатырдан су сорғалап, ғимарат ішіндегі аумақтарды басып қалған.

«Тісін емдеймін деп барып, ажал құшқан»: Астанада 20 жасар жігіт екпенің сладарынан көз жұмды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу