Қайрат Сатыбалдының "Байсат" базарын ERG бас директоры сатып алды
Қайрат Сатыбалдының бақылауында болған Алматыдағы "Байсат" базары ERG бас директоры Кудрәт Шамиевтің бақылауына өтті. Базар 7 тамызда өткен аукционда 24,8 миллиард теңгеге сатылған.

Қайрат Сатыбалдының "Байсат" базарын ERG бас директоры сатып алды. Компанияның құрылғанына небәрі төрт ай болған. Қызметінің негізгі бағыты холдингтік компаниялардың қызметі, сондай-ақ жеке немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға беру және пайдалану.
"Компанияның салық төлемдері, сот істері, мемлекеттік келісімшарттары мен лицензиялары жоқ. Оның құрылтайшысы әрі басшысы ERG бас директоры Кудрәт Шамиев", – делінген дүйсенбі күнгі хабарламада.
БАҚ мәліметінше, Кудрәт Шамиев 1990 жылы Алматы облысында туған.
"Орта білімін Алматыда алған. Банк ісі академиясының колледжін, кейін Малайзиядағы Asia Pacific University университетін тәмамдаған. 2025 жылы Қазақстандағы Alikhan Bokeikhan University-де "Қаржы" мамандығы бойынша екінші жоғары білім алған. Еңбек жолын малайзиялық Hikmet Travel компаниясында бастаған. Компания мұсылмандардың қасиетті орындарға сапарларын ұйымдастырған”, – деп мәлімдеді БАҚ.
2015 жылдан бастап Altau Group компаниясында (майлы дақылдардың көтерме саудасы) жұмыс істеген. 2017-2020 жылдары Алматыдағы элиталық жылжымайтын мүлік саласындағы Mangosteen Development компаниясын басқарған.
Кейін "Найза-Құрылыс" концернінің бас директорының орынбасары болды.
2020 жылдың мамырында Шамиев Қазақстандағы теміржол құрылысы мен жөндеу саласындағы ірі компаниялардың бірі Integra Construction KZ-ге келді. Компания 2024-2025 жылдары 2,8 трлн теңгеге мемлекеттік келісімшарттар алған. Осы кезден бастап оның мансабы сол уақытта компанияны бақылауына алған Шахмурат Мүтәліппен тығыз байланысты. 2024 жылдың қаңтарында Шамиев Integra компаниясының директорлар кеңесін басқарды", – деп хабарлайды БАҚ.
2026 жылғы 30 мамырда Шамиев Қазақстандағы Eurasian Resources Group (ERG) құрылымына кіретін, "Қазхром", ССГПО, "Қазақстан Алюминийі", Қазақстан электролиз зауыты және басқа да активтерді басқаратын "Еуразиялық Топ" ЖШС-нің бас директоры болды.
БАҚ мәліметінше, 2026 жылғы 22 мамырда Шахмурат Мүтәліп ERG акцияларының 39,3%-ын сатып алған. Ал 30 мамырда Құдрат Шамиев ERG-дің Қазақстандағы құрылымының бас директоры болып тағайындалды.
БАҚ мәліметінше, соңғы айларда Шамиев өз бақылауындағы заңды тұлғалардың санын күрт арттырған. 2026 жылғы 22 мамырда ол АХҚО-да тіркелген Central Trade Management Ltd холдингтік компаниясының директоры әрі иесі болды. Компанияның деректеріндегі электрондық пошта мекенжайы Integra Construction KZ компаниясының құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Дархан Естиярға тиесілі.
"25 мамырда ол жаңадан құрылған тағы үш компанияны Q-Metals Group, Qaz Commodities Group және Prime Minerals Holding Ltd компанияларын басқарды. Олардың ортақ иелерінің бірі Бейбарыс Ушбай. Сондай-ақ Шамиев Алматы-Қорғас автожолын салған италиялық Todini Costruzioni Generali SpA компаниясының директорлар кеңесіне кіреді. Бұл компания Патох Шодиевпен және қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін сотталған Орифжан Шадиевпен байланысты", – делінген хабарламада.


