Қызылорда облысының әкімі тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Ол бұрын Сырдария ауданының (2021–2023) және Қызылорда қаласының (2008–2010) әкімі болғанын айта кетейік.

Еңбек жолы
1989 - 1990 - Сырдария ауданы Жамбыл ауылының, экономисі.
1990 - 1993 - Сырдария ауданының өнеркәсіптік бірлестігі-экономист, бөлім бастығы.
1993 - 1996 - "Әлем Банк Қазақстан" АҚ, Кредит маманы, кредит бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары.
1996 - 1997 - Қызылорда облысы әкімі орынбасарының кеңесшісі.
1997 - 1998 - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында оқу.
1998 - 2001 - Халық Банкінің Қызылорда облыстық филиалының директоры.
2002 - 2004 - Қызылорда облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары.
2004 - 2006 - Қызылорда қаласының қаржы бөлімінің бастығы.
2006 - 2008 - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің "Өрт сөндіруші" АҚ, Экономика және қаржы жөніндегі Вице-президенті.
2008 - 2010 - Қызылорда қаласының әкімі.
2010 - 2011 - Қызылорда облысының қаржы басқармасының бастығы.
2011 - 2013 - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі.
2013 - 2014 - Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі.
2014 - 2015 - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары.
2015 - 2017 - "ҚазАгроӨнім" АҚ Аппарат басшысы.
2017 - 2017 - Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.
2017 - 2021 - Қызылорда облысы Қазалы ауданының әкімі.
2021 - 2023 - Қызылорда облысы Сырдария ауданының әкімі.
2023-2026 - Мәжіліс депутаты.
Бұған дейін өңірді Нұрлыбек Нәлібаев басқарған еді. Ол премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне ауысты.


