Ақтөбеде 9 сынып оқушысын зорлап, жүкті еткен ер адам 21 жылға сотталды
Ақтөбе облысында 64 жастағы ер адам кәмелет жасына толмаған 9-сынып оқушысын зорлап, жүкті еткені үшін сотталды. Сот оны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің екі бап бойынша кінәлі деп танып, 21 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды деп жазады Оinet.kz порталы.

Сонымен қатар, сот қылмыскерді педагогикалық қызмет және кәмелет жасына толмағандармен жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыру туралы шешім қабылдады. "Қозбақовқа педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 21 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жаза қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтелсін",- деді Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Алтынбек Сабыров.
Еске сала кетейік, қоғамда үлкен резонанс тудырған оқиға 2025 жылғы қазан айында Ойыл ауданында орын алған. Белгілі болғандай, жәбірленуші анасымен бірге тұрған, ал сотталушы жасөспірімнің нағашы әжесімен заңды некеде болған. Өгей атасынан ұзақ уақыт бойы қорлық көрген жасөспірім оның азғын әрекетін ешкімге айтпаған және оның жүкті екенін ешкім білмеген.
Оқушы сабақ кезінде өзін жайсыз сезініп, толғағы басталған. Жасөспірім қыз Ақтөба қалалық перинаталдық орталығында босанған. Ұл баланың дені сау, салмағы 2770 келі болып туылған. Нәресте «Үміт» сәбилер үйіне орналастырылды.
Даулы оқиғадан кейін білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылып, тағы бірқатар жауапты тұлға қатаң сөгіс алған еді.


