Талдықорғанда мамандандырылған ХҚКО мен полицияның экс-қызметкерлері сотталды

Oinet.kz 05-02-2026

Талдықорғанда жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты. Іс бойынша 21 адам айыпты деп танылды. Олардың қатарында Алматы облысы мен Жетісу облысындағы мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері мен әкімшілік полиция басқармасының бұрынғы қызметкерлері бар. Бұл туралы Оinet.kz. порталы 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

image.png

Сот анықтағандай, айыпталушылар бірнеше жыл бойы Қазақстанға әкелінген жүк көліктерін заңсыз түрде тіркеп отырған. Ол үшін бірыңғай ақпараттық жүйеге бастапқы тіркеу алымының төленгені туралы жалған мәліметтер енгізілген.

Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде 1 385 көлік құралы мемлекеттік есепке қойылған. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 9 миллиард теңгеден асты.

Қылмыстық істі қарау шамамен төрт айға созылып, іс материалдары 270 томды құраған. Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Бақыт Ермағамбетовтың айтуынша, шығынның 5,6 млрд теңгесі Қарасай ауданына, ал 3,787 млрд теңгесі Жетісу облысы Сарқан ауданына тиесілі.

Сот үкімімен айыпталушылар 2 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Нұрайдың өліміне қатысты күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін
«Маған бала керек»- Таразда баласын ұрған әйелдің күйеуі балаларды қамқорына алмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу