Алматыда рөлге ие бола алмай қалған жүргізуші 5 көлікпен соқтығысқан
5 ақпанда Алматы қаласының Бостандық ауданында орналасқан Әл-Фараби даңғылында өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Полиция департаментінің мәліметінше, апат шамамен сағат 11:30-да болған. BYD маркалы көлікті басқарған 1975 жылы туған ер адамның қозғалыс кезінде жағдайы күрт нашарлап, рөлге ие бола алмай қалған.
Алдын ала дерек бойынша, жүргізуші жүрек жеткіліксіздігінен көз жұмған. Дәрігерлер оның оқиға орнында қайтыс болғанын растады.
Басқарудан шыққан көлік Chevrolet, Ford, Subaru, Volkswagen және Utong маркалы бес жеңіл автокөлікке — соқтығысқан. Сондай-ақ қалалық автобусқа тиіп кеткен.
Оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр, тергеу амалдары басталды.


