Бухгалтер 118 млн теңгені букмекерге тігіп, көлік сатып алған

Oinet.kz 12-02-2026

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік кәсіпорын қызметкері бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды  Оinet.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

image.png

Алдын ала мәлімет бойынша, ойынға тәуелді бухгалтер кәсіпорын қаражатын 1XBet  букмекерлік кеңсесі арқылы ставкалар жасауға жұмсаған. Қомақты қаржының бір бөлігі жаңа автокөлік сатып алуға кеткен.

Келтірілген жалпы шығын көлемі 118 миллион теңгені құрады. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (аса ірі көлемде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Істі арнайы прокурорлар жүргізіп жатыр.

Сот санкциясымен күдікті қамауға алынып, тергеу изоляторына қамалды. Ал сатып алынған автокөлікке тыйым салынды.

Қадағалау органының мәліметінше, 2025 жылы прокурорлық әрекет ету актілері нәтижесінде өңірде түрлі мемлекеттік органдардың 16 қызметкері құмар ойындарға қатысқаны үшін жұмыстан босатылған.

Ыстықкөлдегі санаторийлер Қазақстан меншігіне өтеді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу