Қуандық Бишімбаевтың анасы сотта жеңді

Oinet.kz 14-02-2026

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбековаға қатысты алаяқтық ісі бойынша сот үкімі шықты. Айыпталушы Кемелова 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Оinet.kz.

image.png

Заңгер Ерлан Ғазымжановтың жазуынша, оқиға 2023 жылдың желтоқсан айында болған. Тергеу нұсқасына сәйкес, Кемелова Нұрлыбекованың ұлына қатысты қылмыстық іске байланысты оның психологиялық күйзелісін пайдаланып, 990 мың долларды «уақытша сақтауға» беруін сұраған. Ол жақын арада тінту жүргізіліп, қаражат тәркіленуі мүмкін екенін алға тартқан. Алайда ірі соманы алған соң, ақшаны қайтарудан бас тартқан.

Қоғамда үлкен резонанс туғызған отбасындағы жағдайға қарамастан, Альмира Нұрлыбекова құқық қорғау органдарына жүгінген. Соның нәтижесінде сот Кемелованы кінәлі деп танып, нақты мерзімге соттады.

Бұдан бөлек, сот Кемелованың туысы Қарлығаш Әбдіқұловаға қатысты жеке қаулы шығарып, оның айыпталушыны қорғау мақсатында жалған куәлік бергенін көрсеткен.

Осылайша, жәбірленушінің арызы негізінде тек алаяқтық фактісі бойынша ғана емес, жалған куәлік беру дерегі бойынша да құқықтық баға берілді.

Ресейде қазақстандық студентті екі жылға сотталды
Президент Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу