Ресейде қазақстандық студентті екі жылға сотталды

Oinet.kz 13-02-2026

Санкт-Петербург қаласындағы жоғары оқу орнында тәлім алып жүрген Қазақстанның азаматы Гарри Азарян бір топ жақтастарымен былтыр перфоманс өткізген. Сол перфоманс барысында Азарян капитализммен күресу керектігі және «халықты қанаушыларға»  қарсы революция ұйымдастыру қажеттігі жайлы идеяларын айтыпты.    Ресей билігі осы сөздерден террористік пиғылды байқап, қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұйғарды, деп жазады Оinet.kz тілшісі.

image.png

 ТАСС ақпарат агенттігінің мәліметінше, әскери сот Қазақстан азаматы Гарри Азарянды “терроризмге жария түрде шақыру, оны насихаттау немесе ақтау” бабы бойынша 2 жылға қоныс колониясына бас бостандығынан айырған.

Ресей тарапы «Азарян көшбасшылардың бірі болған «Рабочая власть» тобы солшыл радикалды бағыттағы ұйым» деп мәлімдеді. Қазақстандық студентке осы ұйымның жиынында сөз сөйлеп, “Ресейде билікті күшпен басып алуды ақтады”, “жаппай кісі өлтіруді қолдайтынын білдірді” деген айып тағылған.

Азарян деген кім? Қазақстанның азаматы Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің саясаттану кафедрасының магистранты. Университет басшылығының кейбір шешімдеріне наразылық білдіріп, студенттердің қарсылығын білдірген.  Жай ғана наразылық білдіріп қоймай, арнайы акцияларды өткізіп тұратын.  Азарян былтыр 16 мамыр күні қамауға алынып, қыркүйек айында   психиатриялық сараптамадан өтуге жіберілді.   Ресей прокуратурасы оны үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды талап еткен болатын. 

Украина орыс тіліндегі кітаптарға тыйым салмақ
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу