Украина орыс тіліндегі кітаптарға тыйым салмақ

Oinet.kz 13-02-2026

Украина Министрлер кабинеті орыс тіліндегі әдебиетті басып шығаруға тыйым салу туралы петицияны қарап, тиісті құқықтық тетіктерді әзірлеуге кірісті. Бұл туралы елдің Мәдениет министрлігінің басшысы Татьяна Бережная мәлімдеді, деп хабарлайды  Оinet.kz тілішісі  lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

image.png

Порталдың жазуынша, петиция қажетті қол санын жинағаннан кейін үкімет тарапынан заңнамалық шараларды дайындау жұмыстары жандана түскен. Атап айтқанда, орыс тіліндегі баспа өнімдерін шығару мен таратуға қатысты шектеулер енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бережнаяның айтуынша Мәдениет министрлігі қолдаған бастама соғысты насихаттайтын немесе «украинаға қарсы мағынасы бар» өнімдерді айналымнан алып тастауға бағытталған. 

Сондай-ақ Украинадағы баспа ісі туралы жаңа заң жобасына орыс тіліндегі әдебиеттерді ғана емес, Ресейде басылған кітаптарды да басып шығаруға тыйым салу нормалары енгізілуі мүмкін екені айтылған.

Бұған дейін британдық The Spectator журналы Украинадағы орыс мәдениетіне шектеу қою әрекеттерін сынға алған. Басылым авторы мұндай қадамдар қоғамды жіктеуі мүмкін екенін атап өтіп, ресми деректерге сәйкес, елдегі мектеп оқушыларының жартысынан астамы үйінде орыс тілінде сөйлейтінін жазған еді.

Омбыдағы балабақшада ұл бала қазақ болғаны үшін мазаққа ұшыраған
Ресейде қазақстандық студентті екі жылға сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу