Омбыдағы балабақшада ұл бала қазақ болғаны үшін мазаққа ұшыраған

Oinet.kz 13-02-2026

Омбы қаласындағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің әрекетіне байланысты дау туындады.

image.png

Мәліметке сәйкес, тәрбиеші баланы түбі қазақ болғаны үшін  кемсітетін сөзбен атаған. Баланың анасы бұл жағдай туралы видеоүндеу жасап, оны әлеуметтік желіде жариялаған. Үндеуді Еркін ұлттар лигасы бөліскен.

Әйелдің айтуынша, тәрбиеші ұлын «қысық көз» деп мазақтаған. Жарияланымнан кейін оған көпшілік пікір білдірген. Кейбір қолданушылар мұндай сөздерді «ұлттық ерекшелік» ретінде қабылдап, ренжудің қажеті жоқ екенін айтса, енді бірі кемсітушілікке көз жұмуға болмайтынын жеткізген.

— Жазғандардың көбі балалық шағында дәл осындай сөздерден психологиялық жарақат алғанын айтты. Балаларды «таркөз», «хачапури», «хач», «чурка», «чучмек» деп, неше түрлі атайды. Ең өкініштісі, мұндай сөздер көбіне балалардан емес, ересектерден шығады, — дейді ол.

Қазіргі уақытта балабақша әкімшілігінің аталған жағдайға қатысты қандай шара қолданғаны немесе ресми түсініктеме берген-бермегені белгісіз.

Үстіне ағаш құлаған баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды
Украина орыс тіліндегі кітаптарға тыйым салмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу