Абылайхан Жүсіпов: «Жеңісті жолым Шымкенттен басталған»

Oinet.kz 20-05-2019 1041

Screenshot_8.jpg

Абылайхан Жүсіпов, жастар арасында әлем және Олимпиада чемпионы

Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирде жастар арасында әлем және Олимпиада чемпионы Абылайхан Жүсіповті жолықтырдық. Жас дарын үлкендер бәсекесіне жақсы дайындықпен келгенін айтады.

«Шымкенттегі жарыстарға екінші рет келіп отырмын. Білесіздер,  жеңісті жолым 2013 жылы жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінен басталған. Ол сәтті еш ұмытпаймын», — дейді жас боксшы өткенді еске түсіріп. –  Бұл жолы да Шалқар Айқынбай, Сұлтан Зауырбек сынды шымкенттік достарым  жақсылап күтіп алды. Әрбірі де бауырмал, қонақжай. 

– Әбдәлиев мемориалына  қандай жоспармен келдің?

– Ересектер арасындағы турнир болғандықтан тыңғылықты дайындалдық. Жарысқа шықпағалы да біршама уақыт болыпты. Беларуссиядағы жарыста жарақаттанып, шаршы алаңға шыға алмай жүрген едім. Құдайға шүкір, қазір қайта бабыма еніп келемін.

Мұнда бір-екі жекпе-жек өткізіп, ары қарай үйге қайтуды жоспарлап отырмыз. Бұл – жеке бапкерім Бауыржан Аманбаевтың шешімі.

Бұған дейін ересектер арасында Ғалым Жарылғапов және Виктор Ливенцев мемориалына қатыстың. Ағаларыңмен қолғап түйістіру қалай екен?

– Әрине, сезім басқашалау. Қарсыластарымның жасы үлкен, тәжірибелі. Бапкерімнің ақыл-кеңесімен бұл ортаға да үйреніп қалдым.

Былтырғы Жарылғапов турнирі — ең алғашқы сайысым. Беларуссиядағы жарыста жартылай финалға қолым ауырып шығып, түрік қарсыласымнан жеңілуге мәжбүр болдым.

Екі жарыста да бүгінде нақты көшбасшысы жоқ 64 келіде бокстастың. Өзіңе қай салмақ қолайлы?

– 64 келі. Олимпиададан кейін осы салмақта бокстасамын деп ұйғардым.  Негізі, өзімнің жеке салмағым — 67 келі.

Сәтін салса, туған жерімдегі Ғалым Жарылғапов турниріне биыл да қатысамын. Одан кейін Павлодарда жарыс бар. Сонымен жыл да аяқталар.

Бас бапкердің айтуынша, келесі оқу-жаттығуы жиыны Астанада өтеді. Соған шақырту күтіп отырмыз. Мырзағали Айтжанов бастаған командамен бірге Түркияда дем алып қайттық.

64 келіде негізгі қарсыластарыңды білесің ғой..

– Иә. Самат Бәшенов, Алмасбек Әлібеков…Олардың бәрімен де жаттығу жиындарында жұдырық түйістірдік. Ал ресми жарыстар кездеспедік әлі.

Бірінші нөмірлі боксшы – Самат Бәшенов. Спартакиада жеңімпазы — Алмасбек Әлібеков екінші үздік. Сол себепті лицензиялық жарысқа кім баратынын бас бапкер шешеді…

«Бұйырған кетпейді» деген жақсы сөз бар. Рио Олимпиадасына жол түссе, қатысармыз. Бұйырмаса, еш өкінішім жоқ. Асықпай  келесі Токиоға дайындықты бастаймын.

Серік Сәпиев дүниеге келген Абайдан екеніңді көпшілік білер. Өзіңе де жүктелген жауапкершілік жүгі ауыр..

– Рас айтасыз, Серік ағамдай биіктен көрініп жатсақ, арман бар ма.. Бокста өзімнің үлгі тұтатыным да сол кісі. Тек спортшы ғана емес, тұлға ретінде құрметтеймін. Әр кездескенде ақыл-кеңесін айтудан жалыққан емес.

Мұрағаттан, 2015 ж

Дамир Буданбеков: «Қытайда қазақ жігіттерінің топ жарып жүргеніне қуанамын»
Сағат Жүсіп: «Біз ең жақын тарихымыздың өзін білмейміз»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу