«Шариғатқа қайшы»: Ауғанстан билігі 500-ден астам музыкалық аспапты өртеп жіберді
Ауғанстанның орталық бөлігіндегі Парван провинциясында ізгілікті насихаттау, жамандықтан тыю және шағымдарды қарау департаменті 500-ден астам музыкалық аспапты өртеп жібергенін мәлім етті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Департамент басшысы Маулави Мақбул Ахмад Уақас бұл заттардың би билеу мен түрлі салтанатты шараларда қолданылғанын айтты. Оның сөзінше, аталған бұйымдар бір жыл бойы провинция орталығы мен аудандардан жиналған.
Музыкалық аспаптар 18 ақпанда Гулгханди аймағында провинциялық үкімет, барлау қызметі және басқа да тиісті орган өкілдерінің қатысуымен өртелді.
Департамент басшысы бұл әрекет жамандықпен күресу негізінде жасалғанын айтты. Ол тұрғындарды шариғат заңдарына қайшы деп саналатын заттарды қолданбауға шақырды.


