Жангелдиндегі жантүршіктірерлік қылмысқа байланысты сот отырысында жаңа мәліметтер айтылды

Oinet.kz 29-05-2026

Атырауда бес адамның өліміне қатысты резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша сот отырысында куәгерлерден жауап алу жалғасуда, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_6.png

Сот барысында айыпталушының қылмыстан кейін де марқұмдардың атынан олардың туыстарымен бірнеше ай бойы хат алмасып жүргені белгілі болды. Қаза тапқан азаматтардың бірінің немере ағасы күмәннің хаттардың жазылу стилінен кейін туғанын айтты.

«Наурыз әдетте қате жіберіп жазатын. Ал мұндағы хат алмасу стилі мүлде басқа болды», — деді ол сотта.

Куәгерлердің кейбірі айыпталушыға сот залында тікелей сауал қойып, эмоциясын жасыра алмады.

«Олардың не жазығы бар еді? Басыңды көтер!» — деді марқұмдардың туыстарының бірі.

Тағы бір куәгер айыпталушының әрекетіне таңданысын білдіріп:

«Көп жағдайда адам бір рет пышақ сұққаннан кейін қаннан шошиды. Ал мұнда ешқандай аяушылық байқалмайды», — деп мәлімдеді.

Сот отырысында тергеуге қатысты тың мәліметтер де жария етілді. Айыптау тарабының мәліметінше, мәйіттердің маңынан қан іздері бар балта табылған. Алайда сараптама нәтижесінде ондағы қан жәбірленушілерге тиесілі емес екені анықталған.

Сонымен қатар үйдің кіреберісіндегі төсеніштің астынан қосалқы кілт табылғаны белгілі болды. Оның кімге тиесілі екені және ол жерге қалай түскені әзірге нақтыланбаған.

Қазіргі уақытта іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр.

«Бұл өмірде қуаныш көрмедің»: Сотта атышулы күддікті Сәрсемәлиевтің әкесі мен анасы куәлік берді
Дубайда өмір бойына сотталған қазақстандық азаматқа байланысты жаңа мәлімет шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу