Білімсіздік қылмысқа итермелейді

Oinet.kz 13-03-2024 405

Соңғы үш жылда Тәжікстанның 24 азаматы әлемнің 10 елінде террористік актілер жасады. Ел Президенті Эмомали Рахмонның мәлімдеуінше, мұндай әрекеттер тәжік жастарының білімсіздігі мен тәжірибесіздігін пайдаланған топтар мен арнайы қызметтер тарабынан жасалынып жатыр. 

Screenshot_5.jpg

Ораза айының алдында дін қызметкерлері және қоғам өкілдерімен кездескен Президент елдегі діни сенім бостандығына тоқталып, діни ұйымдар еркін жұмыс істеп жатқанын атап өтті. «Тәжікстанда әрбір 1800-2000 азаматқа бір мешіттен келсе, ТМД-ға мүше елдерде бұл көрсеткіш 3000-3500 адамнан құрайды», – деді Рахмон. Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымының 2024 жылдың басында жариялаған баяндамасында былтыр Тәжікстанда исмаилиттерге (Таулы Бадахшан автоном облысында басымдық қылған исламның шийит ағымындағы бағыт) намаз оқу үшін үйлерге шоғырлануға, 18 жасқа толмайтын жеткіншектерге діни білім алуға тыйым салынғаны жазылған.

Ердоған: Бұл менің соңғы сайлауым
Франция Мәскеудегі терактіден соң лаңкестік қауіптің жоғары деңгейін енгізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу