«Крокус сити холл» шабуылын ұйымдастырғандар Орталық Азияда тағы бір теракт жасамақ болған – БАҚ

Oinet.kz 25-03-2024 340

Мәскеудегі "Крокус сити холлда" қанды қырғын ұйымдастырғандар Орталық Азияда тағы да теракт жасамақ болған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Известия басылымына сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Басылым мәліметінше теракттың алдын алып үлгерген. Дегенмен нақты қай елде жасамақ болғаны белгісіз, бірақ "Крокус сити холлдағы" шабуылмен қатар болады деп жоспарланған. 

"Крокусқа" барар жолда жанармай құю бекетінен жанармай алып, пластик бөтелкелерге құйған. Кейін оны залды өртеу үшін қолданған", – деп жазды басылым.

Топ террористік ұйым болмаған. Олар теракт болатын күннен бірнеше апта бұрын ғана құрылған. Қатысушылардың екеуі нұсқауды Түркияға барғанда алған, ал өзгелерін Ресей аумағында топқа қосқан. 

22 наурызда Мәскеудегі "Крокус Сити Холлға" концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранды. Террористер ғимаратта 18 минут болған. 

Франция Мәскеудегі терактіден соң лаңкестік қауіптің жоғары деңгейін енгізді
Тәжіктерді алаңдатқан теракт
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу