Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?

Oinet.kz 30-10-2024 544

Егер Дональд Трамп АҚШ президенті болып сайланса, ол Украинадағы соғыстың тағдырын қалай шешеді?  Әлем сарапшылары қазір осы сұраққа жауап іздей бастады. 

Screenshot_4.jpg

Кейбір мәліметтерге қарағанда, Трамп пен вице-президенттікке кандидат Джей Ди Вэнс Украинадағы соғысты аяқтаудың жоспарын жасап қойған көрінеді. Жоспар бойынша соғыс болып жатқан аудандарда автономды және  демилитарлы аймақтар болады. Украина НАТО-ның мүшелігіне енбейді.  

Трамптің бұл идеясы 2014-2015 жылдарғы Минск келісім-шартын еске түсіреді. Алайда бұл келісім Донбасстағы қақтығысты тоқтата алған жоқ. Украина келісімді орындамады. Ал енді Трамптің бұл бастамасымен  Кремль, дәлірегі Путин келісе ме? Кейбір сарапшылардың пікірінше, Путин саясат сахнасынан кетпейінше Украинадағы текетіресті шешу мүмкін емес.  Сонымен бірге Трамптің  идеясы оның партияластары тарапынан да қолдау таппауы мүмкін. 

21 қазанда Бірккен Ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің отырсында АҚШ-тың аталған кеңестегі тұрақты өкілінің орынбасары Роберт Вуд Украинадағы соғыстың аяқталуына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Ресей соғыста өте көп шығынға ұшырап жатыр. Соңғы уақытта майданға Солтүстік Корея жауынгерлерінң тартылуын осымен түсіндіруге болады. 

- Егер Иран мен Солтүстік Корея Ресейге әскери көмек көрсетпесе, Қытай тауар жеткізуді тоқтатса, онда соғыс тоқтайды, - деді Вуд.

Украинадағы соғыста Ресейге көмектесу үшін Солтүстік Корея сарбаздарының келіп жатқаны туралы мәлімет бұған дейін ақпарат құралдарында жарияланған. Солтүстік Корея мұны жоққа шығарды. Алайда жуырда Оңтүстік Кореяның спутниктері Солтүстік Корея жауынгерлерінің Ресей аумағына қарай өтіп жатқанын анықтады. Жерсеріктер ақылы алынған мәліметтерге қарағанда, Владивостокта Солтүстік Кореяның 1500 адамнан тұратын арнайы жасағы келген. 

Құрылысты өркендеткен өндіріс орындары
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу