Мұхтар Шаханов: Ғайша

Oinet.kz 22-08-2020

Мұхтар Шаханов: Атақты адамдардың кемшілігін ауызға алмай, тек мақтай  беруіміз керек пе? | Qazaquni.kz | Қазақстан жаңалықтары | Қазақ үні

Ғайша жеңгей сүйген жарын аттандырды майданға...

Сенген жүрек серттен оңай тайған ба?

Соғыс бiттi.

Ал күйеуi келмедi.

Үш жыл күттi.

Бес жыл күттi...

Өлдi деген суық сөзге сенбедi.

Тұманға орап тiлектi,

Тағы төрт-бес жыл өттi.

Тәттi apмaнын көңiлiне тоқ санап,

Күте бердi сағат санап, сәт санап.

Кейде аусар тағдырына нала боп,

Көкiрегiнде маздап, ұйтқып жанады от.

Тым құрыса,

Тым құрыса, құдай-ай,

Алданыш қып отыратын бала жоқ.

Артса да үмiт бip күннен соң бip күнге,

Жалғыз жанға жараспайды күлкiң де.

Болмады ғой.

Болмаған соң ақыры

Көршi қартқа ерге шықты бip түнде.

Сол түн тыныш ұйықтады,

Жаңа үмiтiн жағып бip,

Keyдeciне қанағаттан тағып гүл...

Ал таңертең арман болған күйеуi

Tepeзeнi қағып тұр.

Ғайша сорлы күйiп кеттi бұл қорлықты көргенде,

Тастай қатып қалды тiлсiз, естен тана үдерiп,

Сонан кейiн шашын жайып жiберiп,

Күйеуiнiң аяғына құлады.

Құлап жатып ағыл-тегiл жылады,

Жылап жатып зарлады,

Өзiн-өзi жерге соғып, қарғады.

...Махаббаттың құм секiлдi мiнезi жоқ сырғыма,

Жүргенiмен көп опық жеп алданып...

Ғайша кенет орнынан сүйретiлiп тұрды да,

Бip ғана ойға табан тipeп түбiрлi,

Ту еңiсте тасып жатқан долданып,

Асау Ақсу өзенiне жан ұшыра жүгiрдi...

Бағаласаң - махаббатты бағала,

Бағаласаң - махаббатты бағала...

Сәлден кейiн сорлының

Орамалы ғана жатты жағада.



Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин. Сағындым

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×