Шымқалада ТМД-да теңдесі жоқ кәсіпорын бар

Oinet.kz 03-10-2022 582

image.png

Мемлекеттік индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасының қабылдануы, кәсіпкерлерге отандық өндірісті дамытуға үлкен мүмкіндіктер ашты.  Бағдарламаның арқасында Шымкент қаласында көптеген кәсіпорындар ашылып, бүгінде тұрақты әрі жемісті жұмыс жасауда.  Солардың бірі - медициналық бұйымдар шығаратын «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС. Кәсіпорын 2012 жылы құрылған.

Зауыттың іске қосылуы еліміздің емдеу-сауықтыру мекемелері қаржыны үнемдеу мүмкіндігіне, ал медициналық қызметкерлер жоғары қауіпсіздік кепілдігіне ие болды. Кәсіпорын -  Қазақстанның фармацевтика нарығында өзіндік брендін қалыптастырып, тіптен ел Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясын иеленген компания.

Бүгінде «ЭкоФарм Интернейшнл»-да  өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын 480-нен астам білікті маман қызмет етіп отыр. Олардың барлығы жыл сайын біліктілік арттырып, шетел мамандарымен тәжірибе алмасып отырады.

Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде өндірілген өнімдері нарыққа кедергісіз шығып келеді. Еліміздің фармацевтикалық өнеркәсібін дамытуға мемлекеттік бағдарлама аясында «СК-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьюторы арқылы өндірілген өнімді 10 жыл бойы ел ішінде өткізудің кепілдендірілген нарығы қамтамасыз етілген. Әрі қарай сыртқы нарыққа жол ашылды. Бұл компанияның нық тұруына мүмкіндік берді.

Компанияда Оңтүстік Корея, Германия, Австрия, Италия және Швейцарияда шығарылған технологиялық жабдықтар бар. Олар халықаралық сапа стандарттарына сәйкес жобаланып, алынған. Өндірісте еуропалық сападағы шикізат қолданылады. Сондай-ақ, барлық өнім ENISO халықаралық стандартына сәйкес өндіріледі және сапасы бақылауға алынған. Залалсыздандырылған бір реттік вакуумдық құтылар тамырдан алынатын қан талдамаларының 57 түрін сақтауға және тасымалдауға мүмкіндік береді. 

Залалсыздандырылған бір реттік вакумдық құтыларды өндіру әлі күнге дейін ТМД кеңістігінде жалғыз, ал технология өндірісі – тасымалдау технологиясын әзірлеу әдісі құпия және компанияның зияткерлік меншігі болып табылады. Айта кетейік, зауыт келешекке арнап салынған, жобалық қуаттылығы жылына шамамен 200 миллион вакуумдық құты өндіре алады. Бұл ішкі нарықтың қажеттілігін толығымен өтеп, өнімді экспортқа шығаруға мүмкіндік береді.

Шымкент - Қазақстанның кәсіпкерлік өңірі
Дистрибьютерден өнім өндірушіге айналды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу