Дистрибьютерден өнім өндірушіге айналды

Oinet.kz 03-10-2022 619

image.png

Шымкентте бизнесті сүйемелдейтін  бірнеше мекеме бар. Ол, әрине, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы. Одан соң «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, сосын палата жанындағы «Бизнеске арналған үкімет» кәсіпкерлікті қолдау кеңсесі мен жобалық кеңсе және «Даму» қоры. Аталмыш қордың көмегімен қазіргі таңда қалада қаншама кәсіпорын өз жұмысын бастап, кәсібін кеңейтіп отыр. Солардың бірі «Тассай» индустриалды аймағында өз өндірісін дамытып келе жатқан  – «NURTAU Distribution Company» ЖШС. 2016 жылы құрылған компания бастапқыда импортталған жуғыш заттар мен жеке гигиена құралдарын сатумен айналысты. Сондай-ақ, Шымкентке сағыз жеткізуші жалғыз дистрибьютер болатын. 2018 жылы жеке кәсіпкерлер тауарды тек сату емес, керісінше өздері дайын өнімді шығара алатынына көз жеткізеді. 2 жыл ішінде коммуникация, өнімді өткізу және т.б тәжірибелер қалыптасты. 

Осы мезетте Давран мен Абай бірлесе шоколад, печенье және сағыз шығаратын кондитерлік фабрика ашуды ойластырады. «NURTAU distribution company»  осылайша мемлекет қолдауына сүйене отырып, отандық тәттілер мен сағыз шығаруды қолға алды. Пандемия етектен тартып, көрінбейтін жаумен күрес жүріп жатқанда бұл компания «Даму» қорының сүйемелдеуімен «АТФ Банктен» 6 пайызбен несие алып, ісін бастаған. 

«Қарапайым заттар экономикасы» аясында өндірістік қуаттылығын арттыруға талпынған «NURTAU distribution company» ЖШС кондитерлік өнімдер өндірісін бастарда нарықтық экономика талаптарына сай біршама сатылардан өткені белгілі. Десек те шымкенттік кәсіпкер Даврон Юлдашевке жоғарыдағы бағдарлама бойынша кәсібін қолға алу үшін бар болғаны үш-ақ апта кетіпті. Ол жергілікті Кәсіпкерлер палатасына бармас бұрын бір жыл бойы банктердің табалдырығын тоздырғанын айтады. Өйткені, кепілге қоятын мүлкі болмағандықтан қаржы ұйымдарынан несие ала алмаған. Кейіннен «Даму» қоры мамандарының кеңесі арқасында мәселе оп-оңай шешімін тауыпты.

Қазірде фабрикада ай сайын кәмпиттің 2 түрі , сағыздың 10 түрі  Mexsi, Zygzag, Reika, Flаshgum, Bibo, Diamond тауар белгілерімен шығарылуда.  Бүгінде жаңа кәсіпорын сағатына 300-400 келі шоколадты печенье, 400-500 келі сағыз өндіреді. Қаншама жыл импорттық өнімді сатып келген жеке кәсіпкерлер қазіргі таңда жаңа бағытқа бет бұрды.

Шымқалада ТМД-да теңдесі жоқ кәсіпорын бар
Кәсіпкерлерге ауқымды қолдау көрсетілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу