Кәсіпкерлерге ауқымды қолдау көрсетілуде

Oinet.kz 03-10-2022 609

Screenshot_2.png

Шымкент қаласында мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге ауқымды қолдау көрсетілуде. Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламаның арқасында 13,3 млрд теңге қарастырылып, бүгінде 4,1 млрд теңгеге 1 830 жобаға қолдау көрсетілген.

Атап айтқанда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 74 жобаға 1,1 млрд теңге қолдау көрсетілген. Жергілікті «Іскер қала» бағдарламасы аясында 944 млн теңге бағытталып, бүгінде 183,4 миллион теңгеге 19 жоба қаржыландырылған.

Сала мамандарының айтуынша, кәсіпкерлердің жеңілдетілген несиеге қол жеткізуі үшін «Shymkent–Atameken» микроқаржы ұйымы арқылы кәсіпкерлерге 25 миллион  теңгеге дейін 6 пайыздық мөлшерлемемен несие беріледі. Жыл басынан бері 865,6 млн  теңгеге 86 жобаға қолдау көрсетілген.

Сонымен өатар шаһарда  «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» бірыңғай орталығы жұмыс істейді. Онда 24 мыңнан астам кәсіпкерге бизнес-жоспарды әзірлеуден бастап, жобаны пайдалануға беруге дейінгі құжаттарға байланысты қолдау көрсетілген.

Үшінші мегаполисте кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар да баршылық. Айталық «KAZALPACK» компаниясы биыл құны 23,4 млрд. теңгені құрайтын алюмин банкілерінің өндірісі жобасын іске қосып, 150 жаңа жұмыс орны құрылды. Қосымша 2023-2025 жылдары алюмин тақталары мен листтер өндірісі жобасы іске асырады. Инвестиция көлемі 40 миллиард теңге, 350 жаңа жұмыс орны құрылады.

Ал «Karlskrona» компаниясы құны 26 млрд. теңгені құрайтын гидравликалық насостар өндірісі жобасын жүзеге асырады. Онда 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Сондай-ақ Өзбекстандық инвестордың қатысуымен «Orient Ceramic» компаниясы құны 13 миллиард теңгеге керамикалық тақталар өндірісі жобасын жүзеге асыруды жоспарлауда. 300-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылады.

Айта кетейік, Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгеннен бері өнеркәсіп өнімінің көлемі 492,3 миллиард теңгеден 785,4 миллиард теңгеге ұлғайған. 1,5 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған. Биыл қалаға жарты триллионнан астам инвестиция тарту жоспарланған. Инвестиция тарту бойынша Шымкент 2021 жылдан бері елімізде көш бастап келеді.  Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнім көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеден асты.

Дистрибьютерден өнім өндірушіге айналды
«EcoStudentKZ» челленджі басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу