«EcoStudentKZ» челленджі басталды

Oinet.kz 03-10-2022 972

image.png

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың оны айтатын тілі жоқ».  Дәл осы ұранмен елімізде жанашыр, белсенді  студенттердің бастамасымен «EcoStudentKZ» челленджі бастау алды.  Ізгі бастама Қазақстанның 8 өңірін қамтымақ. 

Оны бірінші болып Шымкенттік белсенді жастар қолға алды.Табиғат жанашырлары ең алдымен қаланың символына айналған «Қошқар ата» жағалауын қоқыс-қалдықтан тазартып, көзін ашып, айналадағы  жерге түскен жапырақтарды жинады. Олар қалада қоқыс орны болып кеткен орындарда, «Эко - плогинг» өткізді.

«EcoStudentKZ» республикалық қозғалысын бастап жатырмыз. Бұл жоба студенттердің экологиялық санасын қалыптастыруға, қаламыздың тазалығын сақтауға үлесін қосуға бағытталған жоба болып саналады. Біздің бұл бастамамыз арқылы туденттер қаласын танып,  білімпаздардың шаһардың  тазалығына , экологиялық ахуалына деген жауапкершілігін арттырады деген сенімдеміз. Аталмыш жоба Шымкент қаласынан бастау алып, алдағы уақытта Павлодар, Екібастұз, Алматы, Астана секілді қалаларда жалғасын табатын болады. Қазақстан тұрғындарына айтарымыз - өзің отырған жерге қоқыс тастама, таза ұста. Осы челлендж арқылы отанымызға, табиғатқа, экологияға  деген сүйіспеншілігімізді танытайық!»,- дейді ОҚМПУ «Жастар саясаты» жөніндегі бөлім меңгерушісі Бейдәулет Тасболатов. 

Челленджге Шымкенттің 8  жоғары оқу орындарынан 100-ден аса студент қатысты. Белсенді жастар табиғатты таза ұстауды – әркім өзінен бастауы керек, - дейді. 

«Жалпы экожүйе, экосана, экотазалық туралы менің ойым Қазақстанда болсын, өзіміздің өмір сүріп жатқан аймақта болсын әр адам жеке өзінше таза ұстауға мінетті. Бұл оны өзімінің адамдық мінетім деп қабылдауы керек. Сол үшін біз осы челленджі бастадық. Қазір өзге де студенттермен бірге тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мен осы жобаға қатысып жатқаныма өте қуаныштымын. Әр апта сайын осы істі жасауға қуана келісемін»,- дейді ОҚМПУ студенті Жансая Ынтықбай. 

Шымкенттік жастар челленджді Павлодар өңірінің студенттеріне жолдады. Олар бүгіннен бастап эстафетаны жалғастырып, қаланың саябақтары мен алаңдарын тазартады.

Қазақстанның 8 өңірін қамтитын жобаның мақсаты: табиғатты таза ұстау, жастардың экологиялық санасын кеңейту, қоршаған ортаны қорғап, оған жанашыр болу, табиғаттың алдында жауапкершілікті сезіну болып табылады. 

Кәсіпкерлерге ауқымды қолдау көрсетілуде
Кәсіп ашқысы келетін жастарға қолдау көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу