«Жасыл ел» еңбек жасақтары қала экологиясының жақсаруына елеулі үлес қосты

Oinet.kz 03-10-2022 661

image.png

Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығында «Жасыл ел» еңбек жасақтары маусымының жабылу салтанаты өтті. Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов биылғы маусымды қорытындылап, жобаның маңызына тоқталып өтті.

 «Жасыл ел» еңбек жасақтары – ел аумағында жастарды кең ауқымда қамтыған жобаның бірі. Осы жастар қаланың көгалдандыру жұмыстарына белсене араласып, алаңдарда, саябақтарда абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Еңбектеріңізге алғысымды білдіремін. Жоба одан әрі жалғасын табады", – деді басқарма басшысы.

«Жасақ жастарының қатары қалың. Міне солардың бірі Аяулым Леспаева. Ол бұл жасақта жүргеніне 2 жыл болған. Айтуынша бұл жұмыс арқылы бос уақыттын тиімді пайдаланып келе жатқаның айтады. «жазғы демалыста бос уақытымды тиімді өткізу мақсатында «Жасыл ел» еңбек жасағына кірген болатынмын. Біз осы жасақта қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып, қаламыздың экологиялық ахуалын жақсартуға өз үлесімізді қостық. Қала тұрғындарына айтарым қаламызды таза ұстайық »,- дейді Аяулым.

Мерекелік кеш соңында жобаға белсене қатысқан бірқатар ерікті жастарды  М.Шотанов арнайы диплом қағаздармен де марапатталды. Жасыл елдегі жастар қатары тек қана аймағымыздың көгалдануына ғана емес, оған қоса біздің ортақ шаңырағымыз – Қазақстанның өркендеуіне зор үлес қосып келеді. Бұл жұмыс алдағы уақытта өз жалғасын таппақ. 

 «Жасыл ел» еңбек жасақтарының басты мақсаты –  экологиялық жо­ба­лар мен мемлекеттік бағ­дар­ламаларды жүзеге асыру ар­қылы жастарды ізеттілікке, парасаттылыққа баулу және де бәрімізге ортақ қаламыздың тазалығы мен мәдениеттілігін сақтай отырып, осы игі іс-шараны жастар арасында насихаттау, жастардың күшімен  елімізді көгалдандыру, қоршаған ортаның тазалығын сақтап, жасыл-желекке айналдыру. Сол арқылы отанды сүюге, табиғатты аялауға үйрету. Қаланың студент жастарының бос уақытын тиімді пайдалану және жұмыссыз жастардың санын азайту.

Қалада еңбек жасақтарының биылғы маусымында 1313 жас жұмыспен қамтылды. 

Айта кетейік, «Жасыл ел» бағдарламасының жүзеге асып жатқанына биыл 27-ші жыл. «Жасыл Ел» еңбек жасақтары 14-29 жас аралығындағы жастардың жазғы демалыс кезеңінде студенттік отрядтарда түрлі бағыттар бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Балаларды кәсіпке баулитын жоба
Дендросаябақ - қаланың өкпесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу