Кәсіпкерлікті дамыту - Жолдаудың басым бағыттарының бірі

Oinet.kz 03-10-2022 228

image.png

Шымкент қаласының кәсіпкерлік палатасында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауын жүзеге асыру мәселелері бойынша жиын өтті. Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Біржан Әзімбердиев, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті Қайрат Анарбаев шағын және орта бизнес өкілдеріне Жолдаудағы негізгі басым бағыттарды жан-жақты түсіндірді.

«Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5% болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді»,- Жолдауда осылай деген  Мемлекет басшысы  жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтарын атап берді. Жаңадан кәсіп бастаушылар мен кәсіпкерлерді қолдау, жұмыссыздық мәселесін шешуде нақты қадамдар жасалады. Жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытудың жаңа мүмкіндіктері – жеңілдетілген несие берілмек.

«Жолдаудың саяси сипатынан бұрын экономикалық салмағына тоқталсақ, шынымен де біз қазір жаңа экономикалық саясатқа зәруміз. Халықтың тұрмысын, әлеуетін жақсартып, елді кедейшіліктен құтқару үшін жаңа  бағытты ұстанудың қажеттігі даусыз. Жолдауда баса айтылған дүниелердің бірі — елдегі еңбек өнімділігін көтеру. Бизнестің бәсекелестігін арттыра отырып, халықты жұмыспен қамтудың өзектілігі айтылды» деген .Қ.Анарбаев жаңа экономикалық саясат бағдарын іске асыру тетіктеріне тоқталып, барлық азаматқа теңдей мүмкіндік берілетінін атап өтті. Ендігі ретте кәсіпкерлерді өндірісті әртараптандырып, бірлесе, ынтымақта еңбек етуге шақырды.

Б.Әзімбердиев шаhарда "Іскер қала" бағдарламасын жүзеге асыру барысынан хабардар етіп, индустриялық аймақтарды одан әрі кеңейтуде нақты жұмыстар атқарылып жатқанын мәлімдеді.

Жиында кәсіпкерлер бизнесті дамыту мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Жеңілдетілген несие беру, қайта өңдеу секторын дамытудағы бірқатар өзекті мәселелер бойынша сауалдарын қойды.

Медицина - инвесторларды қызықтырып келеді
«Бақытты жанұя» орталығы қыз-келіншектерді кәсіпке баулып жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу