Сусынның түр-түрін шығарады

Oinet.kz 06-10-2022 183

image.png

Шырайлы Шымқалада кәсіпкерлік кең етек жайып, түрлі зауыт-фабрикалардың қатары артып келеді. Отандық өнім өндіруді мықтап қолға алған шаһардың тауарлары бәсекеге қабілетті екенін айта кеткен жөн. Осы ретте Шымкент қаласында кәсіпкерлік саласының өрге шығуына ат салысып отырған бірден бір нысан ол  «Тассай» индустриалды аймағы. Бүгінде мұнда көпген кәсіпорындар табысты жұмыс істеп келеді. Солардың бірі  заманауи үлгідегі «Болашақ – 7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Кәсіпорын түрлі сусындар шығарады. Жалпы аумағы 2 гектарды алып жатқан бұл кәсіпорынға 1 миллиард 30 миллион теңге инвестиция құйылған. Компания басшысы Нұрлан Омаровтың айтуынша, мұнда жылына 34 миллион бөтелке сусын құйылады. Оның ішінде минералды ауыз су, газдалған және энергетикалық сусындар бар.  Аталған зауыттың басты ерекшелігі, мұндағы сусындарды металл құтыларға құяды. Зауыт соңғы заманауи жаңа қондырғылармен жабдықталған. 2019 жылы іске қосылған зауытта 70-тен астам жұмысшы еңбек етеді. Алдағы уақытта жұмысшы санын 150 адамға жеткізу жоспарланған. Қазір де зауыт жұмысшыларынан бөлек сату бөлімінің қызметкерлерін қосқанда, барлығы 100-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Өнімін Қазақстан нарығына сатудан бөлек, Қырғызстан мен Өзбекстанға экспорттайды.

Аталған зауыт «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолдауға ие болған. Өнімге пайдаланылатын шикізаттың 80 пайызы өз елімізде өндіріледі. Зауыттың сусын өндіру саласындағы тәжірибесі 20 жылдан асады. Соңғы 1,5 жылда жеке зауыт салып, өз төл өнімін шығаруға кірісіпті. Зауыт  аз уақытта үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Біріншіден зауыттың жұмысы – бірегей жұмыс.  «Болашақ 7» зауытының сусындары Қазақстанның басқа жерінде өндірілмейді. Сапасы да өнімі де ерекше. Адамдардың сұранысы жоғары.  Кәсіпорын өнімнің он төрт түрі бойынша 35 миллион дана сусын мен шырын шығарады. 

Айта кетейік,  «Тассай» индустриалды аймағына бес жылдың ішінде 28 миллиард 100 миллион теңге инвестиция тартылып, 18 кәсіпорын ашылған. Бұл кәсіпорындарда 1 мың тұрақты жұмыс орны құрылған. Индустриалды аймақ Шымкент қаласындағы кәсіпкерлік салаға тың серпін беріп, жаңа кәсіпорындардың көптеп құрылуына мұрындық болып отыр. 2016 жылы ашылған  аймақтың аумағы бүгінде толық,  100 пайызға жұмыс істеп тұр.

«Тәтті» бизнес
«AZALA Textile» - көшбасшы компания
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу