Шымкентте травертин өндіріледі

Oinet.kz 08-10-2022 296

image.png

Шымкент қаласында травертин өндіретін «Бесқұдық тас» зауыты еліміздің индустриялық-инновациялық бағдарламасы аясында іске қосылған. «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан өндіріс орнындағы үш цехта тасты қайта өңдеп, құрылысқа қажетті пішіндегі материалдар шығарады.

Кәсіпорын тәулігіне 1000 шаршы метр өнім өндіруге қауқарлы. Өнімдердің 80 пайызы ішкі нарықты қамтуға бағытталған. Дайындалған травертин материалдар қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне, әр түрлі декортивті ескерткіштер мен мүсіндерге қолданылып отыр.

–Кәсіпорыннан ешқандай қалдық шығарылмай қайта өңделеді. Үш цехта да тас кесу жұмысы сумен бірге атқарылады. Кесуде қолданылған су 400 тонналық 5 бассейнге жиналады. Құрамындағы майда тас қиыршықтары сүзгіден өткізіліп, оны гидроқысым арқылы 4 түрлі кірпіш өндіріледі,-деді «Бесқұдық тас» ЖШС директорының орынбасары Жаңабек Сопаев.

Сонымен қатар, бұл жерде өндірілген тас өнімдері сапа стандартына сай келеді. Әрі радиация бөлмейтін  таза экологиялық тауар саналатындықтан алыс жақын шет елдерден сұраныс артып келеді. Бүгінде Өзбекстан, Ресей және БАӘ елдерінен де тапсырыс түсіп отыр.

Өндіріс орнында 98 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Алыс ауданнан келетін жұмысшылар үшін 45 адамға арналған жатақхана да қарастырылған. Сондай-ақ, жұмысшылар үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Екі ауысымда жұмыс істейтін өндіріс орнында 40-тан астам қызметкер бар. Барлық құрал-жабдық автоматтандырылған. Түркия мен Қытай мемлекеттерінің озық үлгідегі жабдықтары мен техникалары пайдаланылады. Сондықтан, зауыт қол күшіне мұқтаж емес.

«Біздің өз карьеріміз бар. Ол Сарыағаш ауданында орналасқан. 100 пайыздық Қазақстандық қолдауға иеміз. Күн ара 1000 кв метр дайын өнім өндіре аламыз. Жылына 250 мың кв метр. Кәсібімізді Астана қаласынан да филиалымызды ашымыз деп отырмыз. Біздің басты басымдығымыз ол тауар құны өзге компаниялармен салыстырғанда, 30-40 пайызға дейін төмен»,- дейді «Бесқұдық тас» зауытының коммерциялық директоры Еділ Ахметов. 

Жылына 350 мың шаршы метрге дейін тас өңдейтін алып зауытта құрылысқа қажетті түрлі пішіндегі материалдар шығарады. -40, +40 градусқа төзімді тас өнімдері сапа стандартына сай келеді. Әрі радиация бөлмейтін  таза экологиялық тауар саналады. 


Мемлекеттен қолдау тапқан кәсіпорындар
Мемлекеттік бағдарламалар жемісін беруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу