Мемлекеттік бағдарламалар жемісін беруде

Oinet.kz 08-10-2022 230

image.png

Бүгінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік саясат аясында Шым­кентті индустриалды қала ретінде да­мытуға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл бағытта мемлекет тарапынан қабыл­дан­ған «Бизнестің жол картасы-2025», «Қара­пайым заттар экономикасы» және «Еңбек» нә­тижелі жұмыспен қамту бағдарламалары та­бысты іске асып келеді. Бұл қала эко­но­ми­касының дамуына үлес қосып, халықты жұ­мыс­пен қамтуға, тұрмысын жақсартуға мүм­кіндік береді.

Осындай мемлекеттік бағдарламаның қолдауымен өз жұмысын бастаған нысанның бірі автомобиль шы­ныларды жасап, монтаждаумен айналысатын «Балкибеков» ЖК. 20 жұмыс орны ашылған кәсіпорынға 40 миллион теңге инвестиция тартылған. Енді мұн­да жыл сайын 5 000-нан аса шыны шы­ғарылатын болады.

Сондай-ақ мемлекеттің қолдауын сезінген зауыттың қатарында  KASPY STEEL ЖШС-да бар. Металл бұйым­дарын құюмен айналысатын кәсіп­орын­да 40 адам жұмыспен қамтылып, инвес­тиция көлемі 400 миллион теңгені құраған. Кәсіп­орын­ның өндірістік қуаты жылына 1 000 тон­налық металл өнімдерін шығаруға мүм­кіндік береді.

Ал TABA INDUSTRIAL ЖШС «Тассай» ин­­­­дустриялық аймағында орналасқан. Жобаға 498,8 миллион теңге инвестиция тартылып, 65 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етілген. Мұнда жылына 150 000 дөңгелек, 300 000 бақ­ша арбасы, 60 000 баспалдақ шығарылады.

Еске сала кетсек, «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2021 жылға 2 396,0 миллион теңге бөлінді. Өткен жылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында 816,1 миллион теңге бөлінген. Бұл бағдарлама аясында несиелерді рәсімдеу үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ өтінім тапсыру қажет.

Сонымен қатар, Шымкентте әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін дамыту мақсатында әкімдік тарапынан «Мен кәсіпкер боламын» арнайы іс-шара жоспары іске асырылуда. Аталған іс-шара аясында 10,0 миллион теңгеге дейін 1 пайыздық несиелер беріледі. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 1 060,0 миллион теңге қаржы қаралған.

Шымкентте травертин өндіріледі
Жұмысы алға басқан зауыт
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу