Қорғасын мен мыс өндіреді

Oinet.kz 04-11-2022 866

Screenshot_23.png

Үшінші мегаполистегі «Оңтүстік» индустриялды аймағында «Шымкент Смелтинг» ЖШС сәтті жұмыс істеп келеді. Кәсіпорын қорғасын және мыс өнімдерін өндірумен қатар түсті металл мен арматура өндірісінің технологиялық желісі болып табылады. Өндіріс орны жылына 12 000 тонна қара қорғасын және 1 600 тонна қара мыс өндіруге қауқарлы.

 Жобаға жалпы құны 2 миллиард теңге жеке инвестиция тартылған. Сонымен қатар, зауыт 200 адамды жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Елімізде жер қойнауында кең сұрыптамалы және жоғары сапалы болат өнімдерін өндіру үшін барлық қажетті шикізат материалдары бар. Республикада қайта түлеп жатқан тау-кен металлургиялық және энергетикалық кешендері мен сақталып қалған ғылыми-техникалық әлеуеті қазіргі уақытта заманауи технологияларды игеруге қабілетті. Тау-кен металлургия кешені Қазақстанныңмакроэкономикалық көрсеткіштерін қалыптастыруға елеулі әсер ететін экономиканың базалық және әлеуметтік маңызы бар саласы болып табылады. Бұл сала Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауларындағы, Қазақстанның 2025 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму Стратегиясындағы басымдықтардың бірі болып айқындалған. Бүгінгі таңда металлургия саласы - Қазақстан өнеркәсібінің бәсекеге барынша қабілетті және серпінді дамып келе жатқан секторларының бірі. Қазақстан өз өнімдерін экспорттауға бағдарланғанын атап өту маңызды. Тау-кен өнеркәсібінің негізгі импорттаушы елдері – Ресей, Қытай және Еуропалық Одақ елдері.

Еске сала кетсек, «Оңтүстік» индустриалды аймағы республикада өзін-өзі ақтаған ең алғашқы индустриалды аймақ болып табылады.  Бүгінде индустриалды аймағы өндіріс орындарына жүз пайыз толған.  Инвестицияның артуына  өндіріс ошағы зор үлесін қосып келеді. Бүгінде «Оңтүстік» индустриалды аймағында 72 жоба іске қосылып, онда 4,5 мыңға жуық жұмыс орындары ашылды және оған 62,0 миллиард теңгенің инвестициясы тартылған. Аймақтағы ең ірі «Spirit-Казахстан», «HILL Corparation», «Евро Кристалл», «BayerGroup» сияқты тауарөндіруші кәсіпорындары Индустрияландыру картасы аясында қолдау алып, бүгінде өндірістік қуаттылығы артуда.

Мемлекеттік демеуімен ашылған кәсіпорын
Шымкенттің дизельді генераторлары Өзбекстанға экспортталады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу