Прокрастинация деген не?

Oinet.kz 08-10-2019 4047

Screenshot_13.jpg

Прокрастинация (ағылш. тілінен procrastination “кейінге қалдыру") - өзіне ұнамайтын маңызды әрі шұғыл тапсырмаларды ертеңге қалдырып, қажет емес іспен айналысу. Яғни прокрастинация кезінде адам тапсырманың маңыздылығын біледі, бірақ оны орындағысы келмейді. Көбінесе өзіне жайлылық сыйлайтын істермен айналысып, көңілін басқа заттарға бөледі. Бұл жағдай адамдардың көбісіне таныс. Сонымен қатар қалыпты болып есептелінеді. Дегенмен прокрастинация адамның күнделікті өмірінің бөлігіне айналса, проблема туындауы мүмкін. ⠀ 

Прокрастинацияға ұшыраған адам тапсырманы ертеңге қалдырып, кейін "дедлайн" (өткізу уақыты) жақындағанда шала орындай салады.Тіпті, берілген тапсырманы орындамай қоюы мүмкін. Ал бұл басқалардың тарапынан наразылық тудырады. Осының барлығы адамды стреске ұшыратып, өз-өзін кінәлі санауға итермелейді. Осы сезімдердің үйлесуі адамның бойындағы прокрастинацияны одан сайын арттыруы әбден мүмкін. Иә, кейде барлығымыз жұмыс істегіміз келмейді. Оның орнына жылы көрпеге оранып, ештеңеге алаңдамай фильм көруді армандаймыз. Бірақ бұлай болмайды. Егер бүкіл істі ертеңге қалдыра берсек, болашағымыз не болады?! Сондықтан бұл жағдайды міндетті түрде ретке келтіру керек. 

Прокрастинациямен қалай күресеміз? ⠀ 

Уақытты қадағалау. Псиxологияда "съесть лягушку" атты тайм-менеджментке қатысты тәсіл бар. Бұл тәсілдің ережесі бойынша ең маңызды әрі сізге ұнамайтын тапсырманы түскі 12-ге дейін орындау керек. 

Тізім жазу. Яғни күнделікті орындау керек тапсырмаларды маңыздылығы бойынша жазып шығыңыз. Әрқайсысын орындағаннан кейін жанына белгі қойып отыруды ұмытпаңыз. Осылайша өзіңіздің күнделікті өміріңізді қадағалап отырасыз. ⠀

Егер тапсырма тым қиын болса, бөлісетін адам табыңыз. Мысалы, жұмысқа байланысты көмек керек, ендеше жақын адамыңызға xабарласыңыз. Тапсырманы бірге орындасаңыз, сізге әлдеқайда жеңіл болады

Әлемдегі ең қымбат жаңғақ – макадамия
Ата-аналардың әлеуметтік желіге құмартуы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу