Ата-аналардың әлеуметтік желіге құмартуы

Oinet.kz 08-10-2019 998

Screenshot_14.jpg

«Шерентинг» (ағылшынша parenting – тәрбиелеу және to share – бөлісу, интернетте жариялау етістігінің бірігуінен құралған) – ата-аналардың әлеуметтік желіде өз балаларының суретін бөлісіп, олардың өмірі туралы айтуы. Nominet қауіпсіздік бойынша онлайн-компаниясының есебіне сәйкес, бір жылда орташа есеппен ата-аналар әлеуметтік желіде балаларының 200 суретін бөліседі екен. 

Неліктен біз балаларымыздың суретімен бөліскіміз келеді:

- Біз табиғатымыздан өз балаларымызды әлемдегі ең мықты адам деп санауға бейімбіз. Техникалық жетістіктер бұны әлемге белсенді түрде көрсетуге мүмкіндік беріп отыр. ⠀

- Қазіргі заман адамдары тәрбиенің дұрыстығы мен ұрпақ қамын қатты ойлайды. Психологтардың пікірінше, мұны көрсету арқылы ата-аналар түйсіксіз түрде айналадағылардың мақұлдауын алуға деген құштарлық екен. ⠀ 

- Егер сіз үшін баламен ойнау жеткіліксіз болып, сонымен бірге оны желіге салғыңыз келсе, жалпық аудиторияға тағы да бір нәрсені дәлелдегіңіз келсе, психологтар сізге өміріңізде не жетіспейтіндігі туралы жақсылап ойлануға шақырады. ⠀ 

Не істеу керек? 

- Бір уақыттық импульстарға берілмей, қандай да бір видео не фотоны жариялаудан бұрын іркіліс сақтап, ойланып көріңіз. ⠀

- Баптауларды тексеріңіз. Көптеген әлеуметтік желілер жекешелендіру баптауларын жасауға мүмкіндік беріп, сіздің посттарыңызды тек шектеулі адамдарға ғана көрсетеді. ⠀

- Баладан рұқсат сұраңыз. Егер балаларыңыз ересек болса, олардың фотосын салуыңызға қарсы емес па екенін сұраңыз. Сондай-ақ, «жоқ, мен қарсымын» деген жауапты есітуге дайын болыңыз. 

-  Геотегтерді өшіріңіз. Фото смартфон арқылы салынғанда көптеген әлеуметтік желілер қолданушының орналасқан жерін автоматты түрде анықтап, оны жұртқа жария етеді. Аталған функцияның өшірулі екеніне көз жеткізіңіз. ⠀

-  Цифрлы «сутаңбаларды» қолданыңыз. Бұл балалардың суретін орынсыз көшіруге қарсы қорғаныс деңгейін арттырады. 

- Кадр сапасын азайтыңыз. Егер сіз бөлісетін суреттердің сапасы нашар болса, онда ол фотоларды басып шығарып немесе үлкейту мүмкіншілігі азаяды.

- Тегтерді бақылаңыз. Балалардың фотосына тег қоюдан аулақ болыңыз.

- Отбасы мүшелері және достарыңызбен келісіңіз. Егер ол балаңыз бейнеленген фотода басқалардың да балалары болса, онда оны бөлісуден бұрын, олардың ата-аналарының алдын-ала келісімін алыңыз. 

Прокрастинация деген не?
Әділдік соты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу