«Маған мұндай насихат қажет емес»: Тоқаев өз суреті бар билбордтың артық екенін айтты

Oinet.kz 12-04-2019 892

Screenshot_13.jpg

Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында өткен кездесуде көшеге өз суреті бар билбордтарды ілген шенеуніктерді сынады деп жазады kaz.nur.kz

Ол мұндай насихатты қажет етпейтінін мәлімдеді.

"Маған Ақтауға менің суретім бар 14 билборд қойғанын хабарлады. Менің ойымша, бұл мүлдем орынсыз, маған мұндай насихат қажет емес. Мұндай әкімшілік реттіліктің не керегі бар?" , - деді Тоқаев.

Президент билбордтарды Елбасы бастаған мемлекетіміздің шынайы жетістіктерін көрсетуге арнау керектігін атап өтті.

"Бұл менің барлық деңгейдегі әкімдерге нұсқауым", - деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға сапарламақ
Орталық сайлау комиссиясы тіркеуде тұрған бір партияны «жоғалтып алды»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу