Түркістан: Сарыағаштықтар экологиялық акцияға белсене қатысуда

Oinet.kz 10-04-2024 946

Бүгін Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бастама аудандағы «Жібек жолы» кеден бекетінен бастап, республикалық маңызы бар автожол бойына дейін жалғасты. Тазалық жұмыстары барысында күл-қоқыстар шығарылып, ағаштар әктелді.

Screenshot_2.png

Тазалық жұмыстарына аудандағы еріктілер мен белсенділер, жастар және мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысуда.

Бұдан бөлек, экологиялық акция аясында аудандағы орталық аурухананың қызметкерлері де аурухана маңында тазалық жұмыстарын қолға алған. Тазалық денсаулық кепілі екенін жіті түсінетін медицина қызметкерлері де науқанда белсенді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Түркістан: Қазығұртта «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпыхалықтық сенбілік өтіп жатыр
«Таза Қазақстан» акциясы аясында түлкібастық волонтерлар 30 тонна күл-қоқыс жинады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу