Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жолдың құрылысы басталады

Oinet.kz 05-05-2025 45

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы құрылыс маусымы аясында  

13 мың шақырым жол қамтылады.  

1000334966.jpg

«Қарағанды – Жезқазған», «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Атырау-Доссор», Сарыағаш, Петропавл, Қызылорда және Рудный қалаларының айналма жолдарының құрылысы жүзеге асады. 

Құрылысы осы кезге дейін басталған жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын "Қалбатау – Майқапшағай", "Күрті – Қонаев", "Қызылорда– Жезқазған" және "Ұзынағаш – Отар" жолдарының реконструкциясы жалғасады. 

Ел тұрғындары жиі қолданатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орташа жөндеу бағдарламасының маңызы зор. 7 мың шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Олардың қатарында "Жезқазған – Петропавл", "Мұқыр – Құлсары", "Қандыағаш – Ембі -Ырғыз", "Қостанай – Қарабұтақ", "Өскемен – Шемонаиха", "Өскемен-Рахман кілттері", "Орал –Атырау"  жолдары бар. Бұл жұмыс бірнеше жыл қатарынан жөндеу көрмеген  жолдардың жай-күйін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді. 

Қосымша жергілікті маңыздағы 4 мың шақырымға жуық жол жөндеу жұмыстарымен қамтылады.

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды
Қапшағай су қоймасы екінші жыл қатарынан 100% толды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу