Сайрам: «Халық заңгері» акциясы өтті
Елімізде соңғы жылдары «Халық заңгері» жобасы іске асуда.
Бұл жобаның мақсаты – азаматтардың, әсіресе халықтың осал топтарына: аз қамтылғандарға, көп балалы отбасыларға, жалғызбасты аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар, шағын және орта бизнес өкілдері, студенттер және басқа да көптеген азаматтардың құқықтық сауатын арттыру және тегін заңгерлік көмек көрсету.
Жуырда осы шара Сайрам ауданында жалғасыны тапты. Бұл тувралы Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шара аудан әкімдігінің «Қ.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйі» ғимаратында өткізілді. Бұл бастама ҚР Үкіметінің қолдауымен және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, “Параграф” ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы мен заңгерлер және адвокаттардың қатысуымен ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Іс-шара барысында тұрғындар Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп тексеру департаменты, адвокаттардан, нотариустардан, сот орындаушыларынан және мемлекеттік органдардың өкілдерінен қажетті кеңестер алып, көкейлеріндегі сұрақтарына нақты жауап алды.
Сондай-ақ, жақында аудандағы Ақсукент және Манкент ауылдық округтерінде түнгі уақытта арнайы рейдтік іс-шара өткізілді. Бұл рейдтің басты мақсаты — кәмелет жасқа толмағандардың беймезгіл уақытта заңды өкілдерінсіз жүруінің алдын алу, құқықбұзушылықтардың алдын алу және жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Рейд барысында учаскелік инспекторлар және Жастар ресурстық орталығы мамандары бірлесіп жұмыс атқарды. Қоғамдық орындар, саябақтар мен көшелер тексеріліп, түнгі мезгілде ата-анасының қарауынсыз жүрген жасөспірімдермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады. Құрметті ата-аналар, балаларыңыздың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті бірге атқарайық!