«Халық заңгері» Жетісайда ұйымдастырылды

Oinet.kz 01-06-2025 14

11.jpg 

«Халық заңгері» – әлемде теңдесі жоқ қазақстандық бірегей жоба.

 Акция республиканың барлық аймақтарында бір уақытта басталып, халыққа тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған.

Іс-шара мемлекеттік органдармен, заңгер ғалымдармен, тәжірибелі адвокаттармен, нотариустармен және сот орындаушыларымен бірлесіп өткізілуде.

30 мамырда  бір мезгілде Қазақстанның барлық қалалары мен елді мекендерінде соның ішінде Жетісай ауданы бойынша "Халық заңгері" жалпы Республикалық акциясы өткізілді. Шара Түркістан облысының Жетісай ауданында да ұйымдастырылды. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған акцияның мақсатын Жетісай ауданы әкімі аппаратының басшысы Е.Алданиязов құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтардың құқықтық мәселелерін шешуге көмектесу бойынша «Санұр» телеарнасына сұхбат беріп, түсіндірді.

Акцияға Жетісай ауданы бойынша бірқатар мемлекеттік мекеме қызметкерлері, Жетісай ауданы прокурорының орынбасары Ы.Ерназаров, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері А.Шәріпбаев, Е.Әбдіразақ, Түркістан облысы адвокаттар алқасының адвокаты Т.Шахидинов, Түркістан-Қызылорда облысы бойынша заң консультантарының өңіраралық палатасының заңгері Б.Дүйсенбиев, нотариус Г.Акилбаеваның және жеке сот орындаушы Н.Икаятұлының, мемлекеттік сот орындаушылары А.Қалдарбековтың, Қ.Досымовтың қатысуында аудан тұрғындарына ақысыз заңгерлік көмек көрсетті. Яғни, негізгі мәселелердің бірі жер саласына қатысты жер кезегіне тұру, мемлекет мұқтажы үшін алынған жер учаскелері, жер учаскесін заңдастыру, тұрғын үй кезегіне тұру мәселесі, қала аумағында жолдың тазалығы, мұрагерлік, сот шешімдерін орындау, несие, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық және тағы басқа салаларға қатысты көптеген сұрақтарға тиісті мамандар тарапынан жауап беріліп, құқықтық көмек көрсетілді.

Акцияға аудан бойынша 60 жуық тұрғынға тегін құқықтық көмектер алды.

Өз кезегінде, бойынша "Халық заңгері" жалпы Республикалық акциясына белсене қатысқан тұлғалар алғыс хатпен марапатталды.


Сайрам: «Халық заңгері» акциясы өтті
Заң мен тәртіп маңызды құндылық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу