Заң мен тәртіп маңызды құндылық

Oinet.kz 01-06-2025 13

12.jpg 

Мемлекет басшысы «Адал адам – Адал азамат – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында:

 «Тағы бір маңызды құндылық, бұл – заң және тәртіп. Заң алдында бәрі бірдей. Бұл – баршаға ортақ мызғымас қағида. Мемлекет жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке және бейберекеттікке ешқашан жол бермейді. Мұны әрбір азамат жете түсінуі тиіс. Барша азамат, барлық жерде, соның ішінде әлеуметтік желіде де заңды мүлтіксіз сақтауы керек. Заңға қайшы келетін, қоғамға іріткі салатын және арандатушылық пиғылдағы кез келген әрекетке қатаң тиым салынады. Ел ішіндегі тәртіпке әрқайсымыз жауаптымыз, – деген болатын.

Жуырда Сарыағаш ауданы әкімдігінің және аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп әділеттіліктің негізі» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға құзырлы орган, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, білім беру ордаларының қызметкерлері, жастар және ата-аналар қатысты. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында спикерлер тақырып аясында пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті. Оған қоса, арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп,аудандық мәдениет үйінің өнерпездарының дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.

Айта кетсек,жиынның мақсаты - жасөспірімдердің қауіпсіздігі, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлі, жазғы демалысты тиімді пайдалану, қылмыс пен құққық бұзушылықа жол бермеу және суға шомылу маусымындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу.


«Халық заңгері» Жетісайда ұйымдастырылды
«Таза Қазақстан» «нольдік төзімділікті» қалыптастыруда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу