Ақтауда түйені көпқабатты үйдің жанына байлаған тұрғын жауапқа тартылды

Oinet.kz 01-04-2026

Ақтау қаласында тұрғын түйені бес қабатты тұрғын үйдің газ құбырына байлап қойған. Бұл видео әлеуметтік желіде тез таралып,  қоғамда қызу талқыланды, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Оқиға 13-шағынаудандағы №2 үйдің маңында болған. Әлеуметтік желілерде тараған видеодан кейін тиісті мамандар жедел әрекет етті.

Қалалық әкімдік мәліметінше, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, жануар иесін анықтаған.

Ақтау қаласының әкімдігі хабарлауынша, құқық бұзушыға қатысты әкімшілік шара қолдану көзделген. Кейіннен  жануарды иесі  алып кеткен.

Ал Маңғыстау облысының полиция департаменті өкілдері бұл дерек бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын мәлімдеді. Тұрғынға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабы («Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу») бойынша айыппұл салу қарастырылған.

Аталған баптың санкциясына сәйкес, құқық бұзушы 3 айлық есептік көрсеткіш (12 975 теңге) көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.

В детском саду «Жансая» Тюлебинского района выявлены нарушения в проведении государственных закупок
Анасы мен ағасынан айырылған оқушы әкесін сотқа берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу