Киберқауіпсіздік – заман талабы

Oinet.kz 21-05-2026

image.png

«Қауіпсіз ел» жобасы – қоғамдағы жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқықбұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған кешенді мемлекеттік бастама. Жоба аясында қоғамдық тәртіпті сақтау, жастарды зиянды әрекеттерден қорғау, сондай-ақ заманауи қауіп-қатерлерге, соның ішінде киберқылмыс пен интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл күшейтілген.

Осы бағытта Түркістан облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу, киберқауіпсіздікті күшейту және тұрғындардың цифрлық қауіпсіздігін арттыру шаралары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Полиция мен тиісті мекемелер азаматтарды интернет кеңістігіндегі қауіптерден қорғауға ерекше назар аударуда.

Осы бағытта Сайрам ауданында полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында 10 мыңға жуық тұрғыны бар бірнеше ауылда профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында тәртіп сақшылары тұрғындарға интернет алаяқтарының кең таралған тәсілдері туралы түсіндіріп, сақтану жолдарын кеңінен баяндады. Атап айтқанда, күмәнді сілтемелерге өтпеу, жеке мәліметтер мен банк картасының деректерін бөгде адамдарға бермеу, сондай-ақ белгісіз нөмірлерден келген қоңырауларға сенбеу жөнінде нақты кеңестер берілді.

Полицейлер қазіргі уақытта алаяқтардың өзін банк қызметкері, құқық қорғау органы өкілі немесе мемлекеттік мекеме маманы ретінде таныстырып, азаматтарды алдауға тырысатынын атап өтті. Сонымен қатар әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таралатын жалған хабарламалар мен фейк сілтемелердің көбейіп отырғанын ескертті.

Шара барысында тұрғындарға 2 мыңға жуық ақпараттық жадынама таратылып, олардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жадынамаларда интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері, одан сақтану жолдары және күмәнді жағдайларда әрекет ету тәртібі көрсетілген.

«Қауіпсіз ел» жобасы аясында киберқауіпсіздік, интернет алаяқтықтың алдын алу және қоғамда қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар өңірде тұрақты түрде жалғасып келеді. Жоба шеңберінде тұрғындарға арналған түсіндіру кездесулері, профилактикалық акциялар және ақпараттық науқандар жүйелі түрде ұйымдастырылуда.

Тәртіп сақшылары азаматтарды сақ болуға шақырып, күмәнді хабарламалар мен қоңыраулар түскен жағдайда бірден «102» нөміріне хабарласу қажеттігін ескертеді.

Полицейлер интернет-алаяқтардың кезекті әрекетінің жолын кесті
Танымал актер жол қауіпсіздігіне шақырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу