Танымал актер жол қауіпсіздігіне шақырды

Oinet.kz 21-05-2026

image.png

Түркістан облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Қауіпсіз ел» жобасы аясында рейдтік-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Шараға облыс полицейлерімен бірге елімізге танымал «Миллион» командасының актері Ерболат Заркумов қатысты.

«Қауіпсіз ел» жобасы шеңберінде өңірде қоғамдық қауіпсіздікті күшейту, құқықбұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыру және азаматтардың қауіпсіз мінез-құлқын арттыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Іс-шара барысында полицейлер мен танымал қонақ көлік жүргізушілерімен кездесіп, жол қозғалысы ережелерін сақтау, қауіпсіздік белдігін тағу, көлік құралдарын заң талаптарына сай пайдалану және жалпы жол мәдениетін қалыптастыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар тұрғындарға арнайы ақпараттық брошюралар таратылды.

Жастардың сүйікті актері Ерболат Заркумов алдағы 25 мамыр – Соңғы қоңырау мерекесіне орай мектеп бітіруші түлектерге арнайы үндеу жасап, жолда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Оның айтуынша, мерекелік күндерде абайсыздық пен жауапсыздық қайғылы жағдайларға себеп болуы мүмкін.

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында бірқатар құқық бұзушылықтар да анықталды. Атап айтқанда, Темірлан ауылындағы көшелердің бірінде «Toyota Alphard» автокөлігінің алдыңғы екі терезесінің күңгірттелгені тіркелді. Сонымен қатар көлік иесі жолаушыларды түсіруге тыйым салынған жерге тоқтаған. Аталған заң бұзушылықтар бойынша жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырып, қауіпсіздік талаптарын орындау әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығын сақтаудың негізгі кепілі екенін атап өтті.

Киберқауіпсіздік – заман талабы
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу