«Қадағалау» профилактикалық іс-шарасы өтуде

Oinet.kz 23-10-2026

image.png

Шымкент қаласында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және заң талаптарының орындалуын бақылау мақсатында «Қадағалау» профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында азаматтардың құқықтық жауапкершілігін арттыруға және қайталама құқық бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған.

Профилактикалық жұмыс барысында пробация қызметі мен жергілікті полиция қызметінің профилактикалық есебінде тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары тексеріледі. Құзырлы қызмет өкілдері олардың белгіленген талаптарды сақтауын, тұрғылықты жері бойынша болуын және жазаны өтеу шарттарын орындауын бақылайды. Тексеру кезінде әр азаматтың өзіне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарауына назар аударылады.

Сонымен қатар, есепте тұрған азаматтармен жеке түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Кездесулер барысында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптар түсіндіріліп, оларды бұзудың құқықтық салдары ескертіледі. Полиция қызметкерлері заңға қайшы әрекеттердің алдын алу үшін азаматтардың тәртіп талаптарын сақтауы маңызды екенін түсіндіреді.

Мұндай бақылау жұмыстарының негізгі мақсаты – азаматтардың белгіленген міндеттерді орындауын қадағалап қана қоймай, олардың қайта құқық бұзушылық жасауына жол бермеу. Бұл ретте профилактикалық есепте тұрған адамдармен жүйелі жұмыс жүргізу қоғамдық тәртіпті нығайтуға және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Полиция қызметкерлері қала тұрғындарын заң талаптарын қатаң сақтауға, өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезінуге және жазаны өтеу шарттарына бейжай қарамауға шақырады. «Заң мен тәртіп» қағидаты әр азаматтың заң алдындағы міндетін орындауынан басталады. Құқықтық талаптарды сақтау – жеке жауапкершіліктің ғана емес, қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың да маңызды шарты.

Жоғары сынып оқушыларына профилактикалық сабақтар өткізілуде
Қоғамдық орындарды ластау бойынша 2 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу